Мұнайлы шаһарды шаңнан тазартуға не кедергі?
Atr.kz/ 16 сәуір, 2019 жыл. «Арнаулы автобаза» мекемесі көшені шаңдатып жүрген тазалағыш техниканың мәселесін шеше алмай дал. Қалыптасқан жағдайдан оңтайлы шығу үшін Атыраудың тұрғындарынан ұсыныс күтеді.
Bucher маркалы германиялық бұл арнаулы автомашиналар қала тұрғындарына жақсы таныс. Шаңдатып келе жатқан аталмыш техниканы көргенде жүргізушілер терезелерін жабуға асығады, ал, жаяу жүргіншілер бас сауғалап қашады. Өйтпеске амал жоқ. Шаңға көмілген киіміңді жуууға мәжбүр болсаң – оңай құтылғаның. Одан қауіптісі – қандай да болмасын індетті жұқтырып алып, дәрігерлерді кезіп жүру.
Қала тұрғындарының шағымдарына «Арнаулы автобаза» ЖШС «Тазалағыш арнаулы техниканың жолдарда шаңдатып жүруі тек Атырауға тән проблема емес. Әкімдікпен бірге біздің табиғат, ауа жай жағдайларына икемделген арнаулы техника табуға талаптанудамыз», — деп уәж айтады.
«Мәселен, 20111 жылы германиялық «Bucher» маркалы 4 қуатты сыпырғыш-жинағыш машинасын алдық. Қарапайым тілмен айтсақ, бұл – шаңды басу функциясы және басқа да пайдалы қасиеттері бар үлкен қалалық шаңсорғыш. Бірақ, сипаттамалары қаншалықты жақсы болғанымен, өкінішке орай, біздің жолдарымызда бұл машиналар толықтай тиімді бола алмайды, себебі, біздегі агрессивті топырақ «Bucher»-дің сыпырылатын жер бетін ылғалдандыру функциясын пайдалануға мүмкіндік бермейді. Сазды топырақ сумен араласып, ыдыстың қабырғаларында 20-сантимерлік қабат пайда болады. Ең бастысы, барлық тетіктерді бітеп, машинаны толықтай істен шығарады. Төрт машинаның үшеуін жөндедік, қазір оларды ылғалдандырусыз шаңсорғыш ретінде қолданып отырмыз».
«Арнаулы автобазаның» айтқанына сенсек, бүгінде қылшақ (щетка) неғұрлым тиімді әмбебап коммуналдық құрал болып табылады және біздің табиғат, ауа райы жағдайында жолдарды тазалау үшін оны жыл бойы пайдалануға болады. Қазір, қала тұрғындарына қолайсыздық тудырмау үшін Bucher мен қылшағы бар тракторларды көшелерге түнде шығаруға тырысады.
«Әрине, машиналардың шаң көтеретіні рас. Бірақ, жолдарды жинап, тазалау қажет қой. Өз тарапымыздан, бұл мәселені шешудің түрлі жолдарын қарстырамыз. Егер осы тақырып бойынша жөнді ұсыныстарыңыз болса, specautobazaatyrau.press@yandex.kz поштасына жіберу немесе біздің Facebook и инстаграммдағы бетшелерімізде пікір қалдыру сұралады», — деп ұсыныс айтады «Арнаулы автобаза».
Дереккөз: atpress.kz