Жарнама
БілімЖаңалықтар

Атырауда іске қосылған «Birgemiz: Bilim-Atyraý» жобасы туралы толық білгіңіз келсе…

Atr.kz/5 сәуір, 2020 жыл. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен 2020 жыл – Еріктілер жылы деп жарияланғандығы белгілі. Дәл осы Еріктілер жылы аясында Жастар қызметкерлері қоғамдастығы «Birgemiz: Bilim — Atyraý» жобасын іске қосты.

«Birgemiz: Bilim — Atyraý» жобасы еріктілікке ынталандыру және халықтың азаматтық белсенділігін арттыру арқылы ауылдық елдімекендердегі орта мектептердің жоғары сынып оқушыларына ерікті-тьютерлердің оқыту қызметтерін көрсетуді мақсат етеді.

Аталған жоба шеңберінде арнайы іріктелген ерікті-тьютерлер ауылдық елдімекендерде орналасқан орта мектептердің жоғары сынып оқушыларына, оның ішінде  әлеуметтік осал топтардан (жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған отбасылардың, көп балалы отбасылардың балаларын және мүгедектігі бар балаларды) ҰБТ-ға, олимпиадаларға және ғылыми-интеллектуалдық конкурстарға дайындап, ағылшын тілін оқыту, компьютерлік және құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша курстар өткізетін болады.

Жоба Атырау қаласында және облыстың барлық ауылдық елдімекендерінде наурыз айынан қараша айына дейін жүзеге асырылады.

ҰБТ-ға, олимпиадаларға және ғылыми конкурстарға дайындық курстары ұйымдастырылатын жоғары сынып оқушыларын жобаның ұйымдастырушылары аудандық білім беру бөлімдерімен және жалпы білім беру мектептерімен бірлесіп анықтайды.

Сондай-ақ, жобаға қатысу үшін білім беру ұйымдарының оқытушылары, жоғары оқу орындары мен колледждердің педагогикалық мамандықтарының студенттері мен Атырау облысының белсенді азаматтары арасынан кемінде 100 ерікті таңдау жоспарлануда.

Ерікті-тьютерлерге қойылатын негізгі талаптар төмендегідей:

1) ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілін, ауылдық елдімекендердегі орта мектептердің жоғары сынып оқушыларын компьютерлік және құқықтық сауаттылыққа оқыту бойынша ерікті және ақысыз негізде көмек көрсету мүмкіндігі болу;

2) математика, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті, тарих, құқықтану, физика, биология және т. б. пәндер бойынша мектеп бағдарламасын жақсы білу.

3) жас ерекшелігі — 20 және одан жоғары;

4) соттылығы жоқ;

5) сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтың болмауы;

6) эмоционалдық тұрақты және өзгерістерге икемді болу;

7) ауыл жастарымен жұмыс істеуге мүмкіндігі болу (ауылда және ауылға бару).

whatsapp image 2019 10 11 at 11.33.03

Жергілікті қоғамдастықтардың дамуына үлес қосып және оқушы жастарға қолдау көрсетуге дайын белсенді азаматтар 2020 жылғы 10 сәуірге дейін келесі сілтеме арқылы өз өтінімін бере алады http://jashome.org/ru/anketa-volontera

Конкурстық іріктеудің қорытындысы тіркеу аяқталғаннан кейін 10 күн ішінде хабарланады.

Конкурстық іріктеуден өткен ерікті-тьютерлер арнайы оқудан өтіп, материалдық-техникалық, әдістемелік қажеттіліктермен қамтамасыз етіледі және тамақтану мен көлік үшін өтемақы беріледі.

Жоба туралы толығырақ біздің сайттың арнайы бөлімінен біле аласыз — http://jashome.org/ru/programmy-i-proekty/birgemizbilimatyrau/o-proekte.

«Атырау облысының ауылдық елдімекендеріндегі орта мектептердің жоғары сынып оқушыларын ағылшын тіліне, компьютерлік және құқықтық сауаттылыққа оқыту бойынша еріктілік көмек көрсету «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасын іске асыру» жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты шеңберінде жүзеге асырылады.

Арайлым НҰҒМАНОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-covid-19-ben-auyryp-zhatқandardyң-zhaғdajy-қalaj/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button