Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Мұнайлы Мақат ауданында жол жөнделіп, жаңа тұрғын үйлер мен спорт кешені салынуда

Бұл туралы облыстық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкін мәлімдеді.

  • — Биыл Мақат ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 3 жоба жүзеге асырылуда. Соның негізінде Мақат кентінде көше жарығы құрылысы мен кентішілік автокөлік жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, мұнда көпфункционалды спорттық кешен салыну үстінде, — деді Шәкір Кейкін.

***

МЫҢНАН АСА АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Биыл​ Мақат​ ауданында​ 1 382 адам​ ​ жұмысқа орналастырылған.

Бұл туралы Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкін облыстық​ коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

  • — Қазіргі уақытта аудандағы​ жұмыссыздар саны – 1 892, оның ішінде 778 адам ресми түрде тіркеліп тұрғандар. Ал жыл басынан бері 1 382 адам жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, 64 адам әлеуметтік жұмыс орындарына,​ 129​ адам жастар тәжірбиесіне жіберілді, — деді аудан әкімі.

Бұдан бөлек, Шәкір Кейкін биыл мемлекеттік бағдарламалар арқылы 18 адам несие алып, өз істерін бастағанын атап өтті. Оның ішінде 4 адамның кәсібі​ халыққа қызмет көрсету саласында болса, 4 адам мал шаруашылығымен айналысады. Ал, тоғыз адам өз дүкендерін ашып, 1 азамат ауыр жүк тасымалын дөңгелетуде.

***

120 ПӘТЕРЛІК ЕКІ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНУДА

Бұл туралы Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкін онлайн брифингте айтты. 

•    — Қазіргі уақытта Мақат кентінде үш қабатты 60 пәтерлік екі тұрғын үй салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың мамыр айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде, — деді аудан әкімі.
 
Сонымен қатар, Шәкір Кейкін қараша айында  Доссор кентінде үш қатарлы алпыс пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілгенін атап өтті. Оның ішінде 38 пәтер көпбалалы отбасыларға, 15 пәтер әлеуметтік жағынан осал топқа жататын адамдарға, 3 пәтер жетімдер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, 4 пәтер апатты тұрғын үй иелеріне табыс етілді.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button