
ЖаңалықтарЭкономика
Мұнай бағасы қымбаттады
Atr.kz/ 27 наурыз, 2019 жыл. Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді
Лондондағы ICE Futures биржасында мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,67 долларға қымбаттап, 68,03 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) мамыр айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 1,12 долларға көтеріліп, бір баррелі 59,94 доллар болды.
Дереккөз: «ҚазАқпарат»