Жаңалықтар
Мопед жүргізушісі көз жұмды
Атырау қаласында тағы қайғылы жол оқиғасы орын алды. Дерек кеше, 22 маусым күні сағат 23:17 шамасында тіркелген.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Водник» шағынауданында орналасқан шағынмаркеттің бірінің тұсында маркасы Kia Sportage автокөлігі мопед көлік құралымен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығыс салдарынан 19 жастағы мопед жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Қазір тиісті іс құжаттары жинақталуда.