Жарнама
Жаңалықтар

МОНОҚАЛА КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ – ҚОМАҚТЫ НЕСИЕ

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына сәйкес, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ шағын несие беру жөніндегі уәкілетті ұйым болып табылады. Қор өткен жылы филиалдары арқылы шағын несие беруді жүзеге асырды. Биылдан бастап ауылдық елді мекендердің, сондай-ақ моноқала кәсіпкерлеріне несие беріледі. Облыста бес несие серіктестігі бар. Оның төртеуі –  ауданда болса, біреуі –  Атырау қаласында. Қаржылық портфелі 1153,3 млн. теңгені құрайды.

Жалпы, 2012 жылдан бері ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бюджеттік несие берудің екінші бағыты бойынша 4 733 616 млн. теңге бөлінді. Бес-алты пайызбен бес жыл мерзімге дейін берілетін бұл жеңілдікке 1926 кәсіпкер ие болды. Бұл жұмыс ағымдағы жылы да жалғасын табады. Биыл осы мақсатқа 505,6 млн. теңге жоспарланып отыр.

«Асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды және өнім сапасын арттыруды субцидиялау бағдарламасымен былтыр 691,6 млн. теңге несие берілді. Биыл 489 млн. теңге қаралып бекітілді. Біз осы қаржыға қосымша 514 млн. теңге бөлуге ұсыныс жасап отырмыз. Ол кезекті сессияда қаралады» дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Серік Сәрсекенов.  

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры да жеке ісін бастауға ниеттенген жандарға зор мүмкіндіктер ұсынып отыр. Мәселен, екінші деңгейлі банктер арқылы несие алғанда кепілдікке байланысты қиындықтар туындап жатады. Мұндайда кәсіпкерлер «Даму» қорының көмегіне жүгіне алады. Олардың банктен алатын несиесінің 85 пайызына  қор кепілдік береді.  «Даму» қорының Атырау облыстық филиалының директоры Әлия Өтепқалиеваның айтуынша, өткен жылы аймақта 6 млрд. 247 млн. теңгені құрайтын 82 субсидиялау келісім — шарты жасалды. Бағдарламаны іске асыруда жалпы сомасы 46,81 млрд. теңгені құрайтын 241 жоба субсидияланды. Сонау 2011 жылдан бері 91 кәсіпкер 1 млрд. 383 млн. теңгені құрайтын қор кепілдігіне ие болды.  Оның ішінде өткен жылы кепілдік берілген  543 жоба бар.

Оның үстіне, 2009 жылдан бері «Даму» қоры мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлердің демеушілермен және кредиторлармен байланыс орнатуына себепкер болып келеді. Өткен жылы «Қазкоммерцбанктің» демеушілігімен ұйымдастырылған қайырымдылық конкурсында сегіз мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер жеңімпаз атанды. Олар бизнестеріне қажет жалпы сомасы 1 130 000  теңгені құрайтын құрал-жабдықтарға қол жеткізді.

Бағила САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button