Жарнама
Жаңалықтар

Мобильді аударымдар бақылауға алынады

2025 жылдан бастап банктер кәсіпкерлер, заңды тұлға басшылары мен олардың жақындары алатын мобильді аударымдар туралы ақпаратты Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жеткізеді. Мәлімет 2024 жылға арналған деректер бойынша беріледі. Бұл туралы аталған комитет өкілдері мәлімдеді, — деп хабарлайды TengeLife ақпараттық ресурсы.

Тексеру критерийі — егер жеке тұлға үш ай ішінде 100 немесе одан да көп әртүрлі адамдардан кәсіпкерлікке арналмаған есепшотқа ақша алса, ол тексеруге жатады.

«Бұл шара жасырын табыстар мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған. Себебі көптеген кәсіпкерлер тауар, жұмыс және қызмет ақысын кәсіпкерлікке арналмаған жеке шоттар арқылы мобильді аударым ретінде қабылдайды», — делінген хабарламада.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button