Жарнама
Жаңалықтар

Атыраудың коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникамен толықты

Қалалық коммуналдық қызметтердің қарамағына жаңа 15 вакуум арнайы көлігі келді, — деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, биылға арналған жоспарға 20 арнайы техника сатып алуға бюджеттік өтінім салынған.

–Оның ішінде бүгін Атырауға 15-і келіп, тағы 5-еуі мамыр айының соңына дейін жеткізіледі. Ассенизациялық көліктердің сыйымдылығы – 10 тонна. Бүгін жаңа арнайы техника «Арнаулыавтобаза» ЖШС-нің көлік паркіне жеткізілді. Вакуумдарға мемлекеттік нөмірлер алынып, техникалық құжат пен сақтандыру рәсімделгеннен кейін аталған техникалар тасқын суларды сору, төгу жұмыстарына тартылады, — дейді Атырау қаласы әкімдігінің өкілдері.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button