image 60637

«Қанағат» сөзін қалай түсініп жүрміз?

Жаңалықтар СарапTime Қоғам

Atr.kz/4 маусым, 2019 жыл. Аш баланың тоқ баламен ойнамайтыны секілді, тоқтықта аштықтың не екенін елестете де алмайтынымыз рас. Бұл тұрғыдан алғанда бүгінгі күн бізге бұйырған бақ дерсің. Ал, сол бақтың құны қандай болды? Мұны бүгінгі аста-төктікке бой алдыратын адамдардың әрекетінен-ақ аңғаруға болар еді.

Ал, бүгінгі ұрпақ өткен ғасырдың 30-шы жылдары елді жайлаған аштық жайында не біледі? Ол қазаққа келген қандай қасірет еді? Миллиондаған тағдырды жалмаған сол бір трагедия жайында не түсініп жүрміз?

Көкейде мазалайтын сұрақ көп. Арада тоқсан жылға жуық уақыт өтті. Алайда, ел басына туған зобалаң жылдар жайындағы ақиқат әлі аршылған жоқ. 19321933 жылдардағы ашаршылық пен 1937 жылы басталған репрессия жылдары жайында айтылмаған дерек әлі де жетерлік. Бізді ойлантатын да осы. Бұл мәселе жыл сайын 31 мамыр – Саяси қуғынсүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында қозғалып жүргенімен нақты бір нәтижені көре алмай келеміз. Тарихшы ғалымдарымыз «сала әлі де зерттеуді қажет етеді» деп жүргенімен, бұл мәселенің бүгінге дейін нақты бір жүйелі жолға қойылмауы – шымбайға бататын шындық. Себебі, қазақтың тең жартысын қырған сол бір зобалаң жылдар жайындағы шындықты кейінгі ұрпаққа жеткізуге тиіспіз. Ұрпақ бүгінгідей репрессия құрбандарына арнап тұрғызылған мемориалға ғана тағзым етіп қоймай, оның мәнмаңызын жан-жақты ұғынғаны жөн.

Біз бұл күнге кезекті бір атаулы дата ретінде қарамай, тарихи мәнін түсініп, ұлт болып аза тұтып, аштық құрбандарын еске алып, рухтарына тағзым етуіміз керек. Жазықсыз құрбандарға арналып, еліміздің әрбір аймағында ескерткіш тақталар бой көтеруі қажет. Деректі фильмдерден бөлек, көркем фильмдер де түсіріліп, ақиқат шындықты көрсететін нақты деректерге құрылған фильмдер жарық көрсе, қазақ өзінің басынан қандай зұлматтардың өткенін түсінген болар еді. Бәлкім, сонда Тәуелсіздік бізге оңай жетпегенін, оның жолында талай халықтың құрбан болғанын ұғына түсер ме едік? Бәлкім, сонда бүгінгі қоғам «қанағат» деген ұғымның да қадірін білер ме еді? Туған күнде тамақ шашып жүрген жастарымызға сана кіріп, тайраңдаған тентектеріміз де түзу жолға түсер ме еді?! Бәлкім…

Бұл қырғын қазақты ғана емес Ресейдің Поволжье аймағы мен Беларусь, Украинаны да жайлады. Солардың арасында осы бір зұлмат кезеңдердің ащы шындығын ашық айтып, Ұлы аштық қырғынын халықаралық деңгейге дейін көтерген, құрбандарына арнап, кесене тұрғызып, оны жыл сайын Азалы күн ретінде атап өтіп жүрген – украин халқы ғана! Әрине, ең үлкен аштық қырғыны өткен ғасырдың 30-шы жылдары орын алды. Ол тарихта «Ұлы жұт», «Ашаршылық жылдары» деп аталады. Бірақ, 1919-1922 жылдары орын алған ашаршылықты да ұмытпаған жөн болар. Осы кездері «Қазақстанда миллионнан астам адам аштан өлген» деген мәліметтер де кездеседі. Бұл сол кездегі қазақтың санының шамамен 20-22 пайызын құрайды деген сөз.

Алаш арыстарының көсемі Ахмет Байтұрсынов 20-шы жылдардағы аштық жөнінде 1922 жылы «Қазақ календарына» жариялаған «Тәні саудың – жаны сау» атты мақаласында былай деген: «…Өткен қыста аштық болды. Ашыққан адам бірінің етін бірі жеді. Өліктің етін жегені былай тұрсын, өлмеген тірі адамдарды малша ұрлап, малша сойып жеді. Қалаларда түн болса, көшеде жүруге болмады. Мезгілсіз уақытта көшеде жүрген адамдарды жылқы сияқтандырып бұғалық салып, буындырып ұстап, сойып жейтін болды. Анасы баласының етін жеуге жетті… Аштықтан адамның тәні азып еді, жаны да азып, ес кетіп, адамгершілік жоғалып, адам хайуаннан да жаман болып кетті…». Біз осыданақ, сол жылдардың боямасыз бейнесін көреміз. Сол жылдардағы Ұлы аштық жайында жазылған шығармаларды оқып көрсеңіз жан түршігеді.

Түйін

Сол дәуірдегі большевиктердің «аштық» саясаты кім-кімді де аямады. Ақын-жазушылар мен тарихшы ғалымдардың еңбектерінде мұның қолдан жасалған қырғын екені айтылды. Осының өзі тұтас ұлтымызға жасалған қастандық болғанымен, бұл аштық та қазақ ұлтының көзін жоя алған жоқ. Зырлап жылдар өтіп, уақыт өз әділеттігін орнатты. Бастысы, осыншама қиыншылықты басынан өткерген ұлтымыздың ендігі жерде өткенге деген құрметі, тарихқа деген тағзымы арта түссе дейміз.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ, саясаттанушы:

– Өз басым кезінде Алаш, Ашаршылық, Желтоқсан сынды ұлттық жобаларды атқардым. Ашаршылық уақытында елі міздің әр жерінде болған бас кө те рулерге, көтерілістерге қатысқан және оны ұйымдастырған адам дар дың аттарын жаңғыртқым кел ді. Тарихшылармен кездесіп, ҰҚК мұ рағатына да бас сұқтым. Біз кеңес өкіметінің қолдан жасаған ашар шы лығына қарсы шыққан кез-келген қазақты батыр деп та нуымыз керек. Соларды да наси хаттап, ұлт ба тыры ретінде дәріп теуге міндет тіміз. Қазір ұрпақтары бар, әр ауыл да бас көтерген бас шыдан, оны қол даған жандардың атыжөнде рін анықтап, азалы кітап шығарсақ деп ойлаймын.

Жалпы, ел ретінде әлі күнге дейін ашаршылық құрбан дарына ар нал ған үлкен азалы ес керткіш қоя ал май келеміз. Сол кез де шейіт болған жазықсыз жан дарға бүгінгі бейбіт уақытта лайықты құрмет көрсе тілмейінше, олар дың аруақтары тыныш жата ал майды деп санаймын. Ал, олардың рухы тынышталма йынша, біз бай, қуатты ел бола ал май мыз. Әрине, негізгі мақсат – оларға тағзым ету арқылы жас ұрпақты отан сүйгіштік сезімде тәр биелеу. Жас тар ды елге, ұлтқа қызмет етуге ша қы ру. Ұлт абдырап, қиналған шақта ұлт үшін құрбан болған арыстар дың күрескерлігі мен қай раткер лігі жол сілтейді. Бағыт көр сетеді. Сондықтан, бүгінгі ұлт үшін де құрбан болғандар дәріптелуі тиіс.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған