Жарнама
Жаңалықтар

Министр несие алумен зейнетақы жүйесін түсіндірді

Бейсенбі күні облыстық әкімдікте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың қаты-суымен мәжіліс өтті. Оған облыстық басқармалар мен департаменттер басшылары, қала, аудандар мен ауылдық округтердің әкімдері, әр деңгейдегі мәслихаттар хатшылары, «Нұр Отан» партиясы мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар өкілдері, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтары басшылары қатысты.

басты жаналык

Алқалы басқосуда Елбасының биылғы Жолдауында ай-тылған басым бағыттар мен нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Жиынды сөз сөйлеп ашқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігін қолдау мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалысы туралы қысқаша баяндады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде сұранысқа ие кәсіптерге және кәсіпкерлік негіздеріне жаппай оқыту, сонымен бірге, дағдыларды үйрету, несиелендіру арқылы кәсіпкерлікке жағдай жасау, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мен еңбекке жұмылдыруды қолдау арқылы еңбек нарығын дамытуды көздейтін «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынғанын еске салды.

— Бағдарламаның алғашқы бағыты аясында 2,5 жыл оқу мер-зімімен колледждер ауқымында тегін кәсіби-техникалық білім беру ұйымдастырылады. Бұл жерде бәрінен бұрын мектепті аяқтаған соң оқу орнына түспеген жастар назарға алынады. Биыл техникалық және кәсіби оқуға 21 мыңнан астам жас қазақстандық ілігеді. Мемлекет оқуға кететін шығындарды толық жауып, шәкіртақы төлейтін болады. Жол мен тұру қаражаты да өтеліп, техникалық және кәсіби білім беру нысандарында оқитындарға бір реттік ыстық тамақ беріледі, — деп атап өтті Тамара Қасымқызы.

Бағдарлама қатысушыларына несие қалалық жерлерде «Даму» қоры арқылы, ауылда және шағын қалаларда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» мен «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы берілетіні хабарланды. Несие сомасы 8 мың айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни 18 млн. теңгеге және мерзімі бес жылға дейін, ал, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жеті жылға дейін беріледі. Жылдық мөлшерлемесі – 6 пайыз шамасында. Сонымен бірге, несие беру кезінде «Аграрлық несиелік корпорациясы» арқылы несиелерді кепілдендіру тетігі енгізілген. Яғни, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге 85% және кәсіби қызмет көрсетіп тұрған бизнес иелеріне 50% шамасында болады.

Бағдарламаның үшінші бағытында жекелеген азаматтар санатын жұмысқа орналастыруда нақты қолдауды күшейту, еңбек ресурстарын жұмылдыру және еңбек нарығының инфрақұрылымын дамыту мақсаты қойылған.

басты жаналык+1

— Біз жастар тәжірибесі, әлеу-меттік жұмыс орындары және қоғамдық жұмыстар секілді жастар мен әйелдер және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында сұранысқа ие әдіс-терді қолдануды жалғастыратын боламыз. Еңбек ресурстарын жұмылдыруды арттыру мақсатында ҚР Үкіметі анықтаған өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын азаматтарды мемлекеттік қолдау межеленуде. Анығырақ тоқталсақ, оларға жол мен жүк тасу шығындарын өтеуге арналған және бастапқы бейімдеу қаражаты беріледі. Биыл 2,7 мың азаматтың қоныс аударуына субсидия төлеу жоспарлануда, — деді сала министрі.

Биыл бағдарламаны жүзеге асыруға арналған бюджет қаржысы 85,3 млрд. теңгені құраса, оның ішінде, 2,5 млрд. теңгесі Атырау облысына бөлінген. Өңірде бағдарламаны жүзеге асыру аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 6,8 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр.

— Жоғарыда айтып өткенімдей, жұмыссыз және өзін өнімсіз қызметпен қамтыған азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді. Біздің министрлік ресми статистика мәліметтерін арқау ете отырып, ауылдық елді мекендер бойынша осы санат-қа жататын адамдар тізімін жасақтады. Сәйкес тізімді барлық өңірге жібердік. Ауылдық округтер әкімдері олардың мәртебесін анықтау жөнінде жұмыс жүргізуі, яғни, аталған адамдардың жұмыссыздар немесе өнімсіз жұмыспен қам- тылғандар екенін бағамдауы керек. Әр азаматтың мәртебесін анықтау арқылы жұмыссыз және өзін тиімсіз қызметпен қамтығандарды белсенді жұмыспен қамту шараларына тартып, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына мемлекет жарна аударатын адамдар санын нақты анықтай аламыз, — деді ол.

Министр бұдан әрі алдағы зейнетақы мен жәрдемақылардың көтерілуі жайлы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

— Ынтымақты зейнетақы жыл басынан 9 пайызға көтерілсе, ол тағы 11 пайызға артатын болады. Базалық зейнетақы 7 па-йызға көтеріліп еді. Енді тағы 13 пайызға артады. Бұл өсім барлық зейнеткерлерді немесе   елімізде екі миллионнан астам адамды қамтиды. Осы санаттағы 54 мың адамның Атырау облысында тұратынын айта кеткен абзал, — деді Тамара  Дүйсенова.

Анығырақ тоқталсақ, биылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 40 950 теңгені құрағанын ескерсек, осы жылдың 1 шілдесінен 45 711 теңгеге дейін көтеріледі. Зейнетақының орташа мөл-шері (базалық зейнетақыны есептегенде)  қазіргі 60 167 теңгеден 1 шілдеде  66 676 теңгеге дейін жоғарылайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атау-лы әлеуметтік көмектің қалай тағайындалатынын да тарқата айтып берді.

— Келесі жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі енгізіліп, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен (қазір 40%) отбасылардың әрбір мүшесіне еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу шартымен берілетін болады. Атаулы әлеуметтік көмек қолданыстағы үш әлеуметтік төлемнің орнына тағайындалады. Көп балалы отбасыларға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы; 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы; табысы аз үй шаруашылықтарына тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек, — деді  ол.

Жиында  облыс әкімі Нұрлан Ноғаев  аймақта өткен жылы   19, 3 мың адамды жұмыспен қамту жөніндегі жоспардың 25,5 мың адамға орындалғандығын мәлім етті.

— Ай сайын менің қабылдауыма жұмысқа орналастыруды, материалдық көмек көрсетуді өтініп елуге жуық  түрлі санаттағы жандар келеді. Біз  оларға жұмыспен қамту орталықтары арқылы  жұмыстар ұсынамыз. Бірақ, көпшілігін айлық еңбек-ақы қанағаттандырмайды. Әкімнің олардың бәріне ақшасы көп жұмыс тауып беруге «сиқырлы таяқшасы»  тағы жоқ, — деді Нұрлан Асқарұлы. – Сондықтан, жұмысты әркім өзі үшін, отбасын асырау үшін іздеуі керек. Бәрін мемлекет береді, мемлекет асырайды деп қол жайып отырмай, масылдық психологиядан арылып, қазіргі нарық заманының талабына сай тіршілік ету қажеттігін ұғынған дұрыс.

Жиын барысында  министр қатысушылардың көкейінде жүрген бірқатар сауалдарға нақты жауап берді.

Бақытжан ЖҰМАТ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button