Жарнама
Жаңалықтар

МИНИСТР КҮЛӘШ ШАМШИДИНОВА БОЛАШАҚТЫҢ КАПИТАЛЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Atr.kz/12 наурыз, 2019 жыл. “Қазіргі заман капиталы – адам. Капитал құны оның сапасымен, білімімен өлшенеді” деді ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова махамбеттік мұғалімдермен кездесу кезінде.

2019 03 12 114248243000

“Сондықтан, баланы сараптауға, қорытынды жасауға үйрету керек. Ешқандай ғылымның да, саланың да заңдылығы ешқайда кеткен жоқ. Тек олардан күтілетін нәтиже өзгерді. Балаға дайын білімді бергеннен гөрі, оны білім іздеуге үйрету әлдеқайда тиімді. Заң бойынша баланың қай тілде білім алатынын ата-анасы ғана шешеді. Сондықтан, олардың заңдық талабын жергілікті басқармадағылар қанағаттандыру міндетті.

Қандай жағдай болмасын, қандай заңдар қабылданбасын, біз балаға сапалы білім беруді тоқтатпауымыз керек. Не жасасақ та бала үшін жасауымыз қажет. Бала алдындағы жауапкершілік өте үлкен. Себебі мемлекетке сапалы, саналы азамат беруіміз керек” деп нақтылады сөзін ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова Атырау облысына қарасты Махамбет ауданына сапары кезінде.

2008 жылғы дағдарыс кезінде Елбасы білім саласы қызметкерлерінің жалақысын 2009, 2010 жылдары 25%-ға, 2011 жылы 10%-ға 2014 жылы 29%-ға көтеруді тапсырды. Қазір ауылдағы мұғалімнің барлық жүктемелерді қосқандағы еңбекақысы — 180 000 теңге.

Бақытжан Жұмат

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button