КТ, МРТ қызмет түрлерін тегін алуға мүмкіндік бар
Atr.kz/10 қаңтар, 2020 жыл. Бұл туралы бүгін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов журналистермен өткен кездесу кезінде айтты.
Атырауда 33 мемлекеттік, 30 жеке медициналық клиника бар. Олардың барлығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қосылып, жұмыс істей алады.
«Яғни, тұрғындар бұрын тек қана мемлекеттік клиникалардан қызмет алған болса, енді жеке клиникалардың да қызметін пайдалана алады. Атырау бұл жаңа жүйеге дайын. Барлық компьютерлік техникалық базамен толық қамтамасыз етілген. Енді, КТ, МРТ сияқты қызмет түрлерін аталған жүйеге тіркелген азаматтар тегін ала алады» деді Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов.
Еске сала кетелік, бүгін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов Өңірлік коммуникациялар қызметі базасында журналистер үшін баспасөз-конференциясын жүргізді.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА