Жаңалықтар
Милләт апаның мерейлі сәті
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Сағындық Лұқпанов тоқсан жастың төріне көтерілген еңбек ардагері Милләт Сабырқызын қабылдап, құттықтады.
– Сізді облыс әкімінің атынан құттықтаймын. Қиғашта қанаттанып, Жылыойда жар-қыраған сіз алдымен Теңіз, кейін Ембі аудандарында атқару комитетінің төрайымы болдыңыз. Ерлерден еш қалыспай, елеулі еңбек еттіңіз. Өңірдің дамуына қосқан сүбелі үлесіңізді халық жақсы біледі. Жастарға үлгі-өнеге, ақылшы ретінде ортамыздан әлі де табылып келесіз, — деп аймақ басшысының атынан құттықтау хат тапсырып, қазақы дәстүрге сай камзол кигізді.
Сондай-ақ, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Серік Мұхамбетов те құттықтау лебізін білдірді.
Айгүл ЕРТІЛЕУ