Жаңалықтар
Милана – ең жас дауыс беруші
Атырау қаласына қарасты ауылдық округтерде 28 референдум учаскесі бар. Соның бірі – Бесікті ауылындағы мектеп-интернаттың ғимаратында орналасқан №65 референдум учаскесінде 628 дауыс беруші тіркелген. Дауыс беру процесі басталғалы 50-ден астам адам өз таңдауын жасады.
Учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Лида Кушенованың айтуынша, ауыл тұрғындары саяси маңызды шараға белсенді қатысып жатыр. Көпшілігі жұмысқа ерте баратын болғандықтан дауыс беріп жатқан көрінеді. Айталық, ауыл тұрғыны Қуандық Жүндібаев азаматтық позициясын білдіріп, алғашқы дауыс беруші ретінде тіркелді. Ал ауылдың жас тұрғыны Милана Құсайынова алғаш рет дауыс беріп, өміріндегі маңызды шешімді қабылдап отыр.
Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ