Жаңалықтар
Миялылық 559 тұрғын эвакуацияланды
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ойыл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Қызылқоға ауданының орталығы Миялыда 31 наурыз сағат 17:45-тен бастап ауыл тұрғындарын халықты қабылдаудың 3 пункті бойынша ішінара эвакуациялау басталды.
Сағат 20:30-дағы жағдай бойынша Миялы ауылының 559 тұрғыны, оның ішінде 327 бала эвакуацияланды.
- Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп: 210 адам, оның ішінде 124 бала;
- Ы. Шореков атындағы мектеп-гимназиясы: 79 адам, оның ішінде 53 бала;
- «Нұршуақ» балабақшасы: 270 адам, оның ішінде 150 бала;
Тұрғындарды эвакуациялауға облыстық төтенше жағдайлар департаментінен бірнеше қызметкер мен техника жұмылдырылды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы