Жарнама
Жаңалықтар

Миялыда жаңа кәсіпкерлік нысан ашылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қызылқоға ауданының Миялы ауылында жаңа кәсіпкерлік нысанның ашылу салтанаты өтті. Бұл іс-шара Мемлекет басшысының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау саясатының жемісті нәтижесін айқындайды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

fdde8c8b 106a 4661 ad17 20d1b71a5947

Салтанатты рәсімге аудан әкімінің орынбасары Гүлшара Изимова қатысып, аудандағы кәсіпкерлік саласының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

– Ауданда кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде өңірде 382 кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді. Оның ішінде 205-і сауда нысандары, 1 базар, 56 қоғамдық тамақтандыру орны, 96 халыққа қызмет көрсету орталығы және 24 шағын өндіріс орны бар. Биылдың өзінде 11 жаңа нысан ашылып, жұмыс орындары көбейіп отыр. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау алған кәсіпкерлеріміздің табысты болуын тілейміз, – деді Г.Изимова.

635a72ca e69e 4d14 bb56 634c6af01051

Жаңа сауда орнын ашқан кәсіпкер Айнагүл Бимұханова ауыл халқына сапалы қызмет көрсететінін атап айтты. Сонымен қатар, ол әлеуметтік осал топқа жататын 10 тұрғынға 10 мың теңгелік сертификаттар сыйлап, қоғамның әлсіз топтарына көмек көрсетуді басты міндеттерінің бірі деп қабылдады.

Жаңартылған нысанның лентасын қию құрметі аудан әкімінің орынбасары Г.Изимова мен кәсіпкердің анасы М.Бимұхановаға тапсырылды.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button