Жарнама
Жаңалықтар

Миялыда эвакуациялық пункттер тексерілді

Қызылқоғадағы төтенше жағдайға байланысты Миялы ауылының тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімі Қанат Әзмұханов пен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Жаңабаев Миялыдағы қабылдау пункттеріне барып, тұрғындардың жағдайын көріп қайтты. Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлады.

–Миялыға тасқын қаупі төніп тұрғанымен, судың деңгейі – 1 метр 20 санитметр. Ал біздің соққан бөгеттердің биіктігі – 2 метр. Қазіргі эвакуация жұмыстары уақытты тиімді пайдалану үшін жарияланып отыр. Алдымыз түн болғасын сақтық үшін тұрғындарды осында әкелдік. Сондықтан еш дүрбелеңге салынбай, сабыр сақтау керек. Жағдай қатаң бақылауға алынып отыр, — деді Қ.Әзмұханов.   

Айта кету керек, қазір судың қарқыны әлі басылмады. Сын сағатта 400-ге жуық мекеме қызметкерлері мен еріктілер ауылды тасқын судан аман қалу үшін жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр.

Өз тілшіміз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button