Жарнама
Жаңалықтар

«Миялы–Жангелдин» аралығындағы айналма жол жабылады

Қызылқоға ауданы «Миялы–Жангелдин» аралығындағы көпір құрылысы жүріп жатқан жердегі айналма жол жабылады. Бұл туралы Қызылқоға аудандық әкімдігі хабарлады.

Сала қызметкерлерінің айтуынша, алдағы уақытта көлік қозғалысында ешқандай кедергі болмас үшін айналма жолға қосымша су өткізгіш құбыр салынып, топырақпен биіктетіледі.

–Миялы-Қарабау-Индер бағытындағы облыстық маңызы бар тас жолдың жырылған жеріне көктемгі өр суының тасып, көпір салып жатқан аумақты су басқаны белгілі. Ендігі уақытта бұл жерде автокөліктердің жүрісінде мәселе туындамас үшін аталған жұмысқа кірісіп кеттік. Айналма жол уақытша жабылатындықтан Миялыдан шығатын жолаушылар болса ауылдан шығып, үлгеруі сұралады, — дейді аудандық әкімдік өкілдері.

Айта кету керек, жол 29 наурыз сағат 00.00-ден 30 наурыз сағат 17.00-ге дейін жабылады.

Өз тілшіміз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button