Мешіттерде бес уақыт намаз оқуға рұқсат берілді
Atr.kz/27 қазан, 2020 жыл. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті.
Комиссия театрлар мен мешіттердің жұмысына қатысты бірқатар шешім қабылдады.
«Биыл 2 қарашадан бастап рұқсат етілсін:
— 30%-ға дейін толығумен, бірақ залда 100 адамнан асырмай, театрлардың жұмыс істеуіне (әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен);
— жұма намазын қоспағанда, мешіттерде ұжымдық намаз (бес намаз) өткізуге, бірақ залда 100 адамнан асырмай (2 м әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен)», делінген комиссия шешімінде.