Жарнама
Жаңалықтар

Мешіттер арасындағы жарыс

 Балықшы кентіндегі спорттық алаңда мешіттер жамағаттарының арасында Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен футболдан жарыс өтті.

  meshytarzharys1Жарысты қала тұрғындары мен жамағат мүшелері тамашалады. Шараны өткізудегі мақсаты – діндар жамағаттармен тығыз байланыс орнатып, олардың дәстүрлі діни бағытқа сенімін нығайту. Сондай-ақ, мұсылмандарды бауырмалдыққа шақырып, өзара достық қарым-қатынастың қалыптасуына мүмкіндік жасау болып табылады.

 Жарыс қорытындысы бойынша «Құспан молда» мешіті бас жүлдені иеленсе, екінші орынды «Дина» сауда орталығындағы намазхана жамағаттарына бұйырса, үшінші орындарды «Әт- Тақуа» мешіті иеленді. Сайысқа қатысушы жамағаттарға «Шапағат» орталығының директорының орынбасары Айбек Аташев бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарын табыстады.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button