Жарнама
Жаңалықтар

Мерзімді әскери қызметшілерге сақтандыру мәртебесін беру мәселесі талқыланды

«Мемлекеттік органдар МӘМС енгізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы барысында мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан немесе өтеп келген азаматтарды МӘМС жүйесінен шығару мәселесін көтерді» — деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарастыру бөлімі.

МӘМС енгізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-қимыл негізінде жеңілдікті санаттар мәртебесін өзектендіру мәселелері талқыланды.

Анықталғандай, әскери бөлімдердің кадр қызметтері мерзімді қызмет әскери қызметшілері бойынша мәліметтерді «адамдарды арнайы есепке алу» ақпараттық жүйесіне («АЕА» АЖ) уақтылы енгізбейді. Осыған байланысты оларда қызмет кезеңі үшін берешек пайда болады және әскерден оралғаннан кейін олар МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болып шығады.

Оларға сақтандыру мәртебесін беру үшін Қор растайтын құжат-әскери билет негізінде ҚР Қарулы Күштері қатарында қызмет еткен кезеңі үшін МӘМС жүйесіндегі берешекті алып тастау бойынша жұмыс жүргізуде.

2020 жылдың қараша-желтоқсан айларында Қорға 28, 2021 жылдың басынан бастап тағы 136 өтініш түскен.

Қор бірнеше рет қызмет кезеңдері үшін МӘМС төлемдері бойынша берешектің пайда болуын болдырмау мақсатында әскери қызметшілер бойынша мәліметтерді «АЕА» АЖ-ға уақтылы енгізу қажеттілігі туралы хаттар жіберді. Алайда мәселе әлі күнге дейін күн тәртібінен түскен жоқ.

Осыған байланысты МӘМС шеңберінде тұтынушы мәртебесін одан әрі беру үшін мерзімді қызмет әскери қызметшілері бойынша мәліметтерді «Адамдарды арнайы есепке алу» ақпараттық ресурсына енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне үшінші тоқсанның соңына дейін » АЕА» АЖ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау және оны аттестаттау рәсімдерін аяқтау тапсырылды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button