МЕРЕКЕ ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
— Атырау облысында құрылыс индустриясын дамытудың әлеуеті зор. Рас, өңірімізде құм, қиыршық тас болмағанымен, мемлекеттік Үдемелі-индустриялы инновациялық даму бағдарламасы аясында жеті инвестициялық жоба жүзеге асуда. Олардың қатарында „Батыс Альянс Строй„ ЖШС тұрғынүйқұрылысы комбинаты, „Alan building systems„ ЖШС модульді үй құрылыс комбинаты, „Шеврон МұнайГаз Инк„ корпорациясының темірпластикалық құбыр өндіру зауыты, „БиасТЕК„ ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын шығару зауыты, „Досжан и К„ ЖШС қамысты-жаңқалы плиталар шығару зауыты, „Констракшн KZ„ ЖШС тұрғын үй құрылысына жеңілдетілген панельдер шығару зауыты, газ бетон шығаратын „Селбаев Ш.Т.„ жеке кәсіпкерлігі бар,-деді ол.
Салтанатты шарада бір топ құрылыс индустриясы қызметкері марапатталды. Оларға ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау, индустриалды дамыту және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Аманияз Ержанов, облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов пен мәслихат атынан алғыс хаттар мен гүл шоқтары табыс етілді.
Айбөпе САБЫРОВА.