«Мерейлі отбасы» конкурсына өтінімдерді қабылдау 1 шілдеге дейін ұзартылды
«Мерейлі отбасы-2023» ұлттық байқауының бірінші кезеңіне өтінімдерді қабылдау 15 мамырда басталып, 1 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды AtyrauPress.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасының аумағында қызметіне тыйым салынған ұйым қатарындағылар (бұрын кіргендер) және сотты болғандар байқауға қатыса алмайды. Қосымша сұрақтар бойынша 27-10-28 телефон нөміріне хабарласа аласыздар.
ҚР Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіледі.
Оның негізгі мақсаты – отбасы институты, адамгершілікті, руханиятты нығайту, отбасылық өмірдің маңызын насихаттау, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау.
Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің хабарлауынша, конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар керек.
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);
7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;
9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім. Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін құжаттар түпнұсқамен тапсырылуы қажет. Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар және бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
Байланыс телефоны: 27-10-28, 8-776-677-20-01; Электронды пошта: s.tolegen@atyrau.gov.kz, gor_ovp@mail.ru.
Айта кетейік, 2014 жылы алғаш рет оған 20 мыңнан астам отбасы қатысқан болатын.