«Мерейлі отбасы-2023» ұлттық байқауы басталды

350381553 683441156955687 9133252322549003986 n Жаңалықтар

Атырау қалалық әкімдігі «Мерейлі отбасы-2023» Ұлттық конкурсының бірінші кезеңіне құжаттар қабылдау басталғандығын мәлім етті.

«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Конкурстың мақсаты – өнегелі құндылықтарды жаңғырту, балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау, қазақстандық отбасының жағымды имиджін үгіттеу.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша Қалалық ішкі саясат бөлімімен 15 мамыр мен 15 маусым аралығында қабылданады. Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін құжаттар түпнұсқамен тапсырылуы қажет. Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар және бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды (байланыс телефоны: 27-10-28).

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз