«Пандемияны жеңудің жалғыз жолы»: атыраулықтар белсенді түрде вакцина алуда

1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Атырау облысында 152 653 адам вакцинаның I компонентін алды, 111 372 адам II компонентпен егілді.

Бұл туралы  аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен өткен жиын барысында Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев
айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының есебінен белгілі болғанындай, соңғы 10 күн ішінде облыста егілгендердің саны 13%-ға өсті.
– Қазіргі уақытта адамдардың екпеге деген көзқарасы жақсы жаққа өзгеруде. Олар коронавирустан қайтыс болып жатқан адамдарды көріп және вирусты жеңудің жалғыз жолы вакцинация екенін түсінуде.

Дегенмен, вакцинация бойынша  төменгі көрсеткіш студенттер арасында байқалуда. Студенттердің 35% ғана коронавирусқа қарсы екпе алды, – деді Асхан Байдувалиев.

Оның айтуынша, вакцинация орталықтары барлық келушілерді қабылдайды, вакцина дозасының жетіспеушілігі мәселесі жоқ. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация басталғалы бері облысқа І компоненттің 170295 дозасы мен ІІ компоненттің 138 695 дозасы жеткізілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз