«Менің жасыл аулам»
«Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген ата-бабамыз жасыл-желектің маңыздылығын әуелден ерекше бағалаған және ұрпағын ағаш отырғызып, күтіп-баптауға үйреткен, көкті жұлудан тыйған.
Қаладағы №29 «Нұрсая» балабақшасының бөбектеріне «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының сарбаздары қонаққа келіп, кішкентай балдырғандармен бірге балабақша ауласына бірнеше түп тал отырғызды.
Бұл іс-шара Республика күнінің қарсаңында Атырау қаласындағы бөбекжай алаңдарында 1000 түп тал отрығызу акциясының аясында өтіп жатырған өнегелі іс. Елдің көркеюі мен жасыл желекке орануына үлес қосу, оны жас ұрпақтың санасына сіңіру біздің басты мақсатымыз.
Айтулы шара қонақтары қалалық ардагерлер қоғамының жетекшісі Кеңес Қосыбаев пен Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова жастарға ыстық ықыласын білдіріп, осындай өрендер еліміздің ертеңгі беткеұстар азаматы боларына сенім білдірді.
Атырау жастары көршілес Батыс Қазақстан облысының «Ақжайық жастарына» эстафетаны жолдап, видеосәлемдеме жасады.
Салтанат Сансызбай