МЕН ЕЛБАСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫМ
Atr.kz/20 наурыз, 2019 жыл. «Менің жеңімпаз атанып, чемпион болуым – Елбасының сындарлы саясатының арқасы» дейді атыраулық паражүзуші, Әлем кубогінің 4 дүркін иегері, «Қазақстанның 100 жаңа есіміне» енген Ержан Сәлімгереев.
– Дүниежүзі ареналарында Қазақстанның көк туын желбіретіп жүрген жалынды жас ретінде Тұңғыш Президенттің спортшыларға көрсеткен қолдауынан өзіме ерекше ерік-жігер аламын, — дейді спортшы. – Бір жағынан ішімде өкініш те жоқ емес. Осынша уақыт бойы ел дамуына үлкен үлес қосқан Елбасы халық үшін тынбай еңбек етті. Соның бәрін көріп отырып қимастық сезімде болады екенсің.
Бірақ алда атқарылар жұмс көп. Елбасы белгілеген тапсрымалар бар, соларды орындауымыз керек. Спорт, соның ішінде параспорт түріне зор қолдау көрсеткен Нұрсұлтан Әбішұлына алғысым шексіз. Бұл тек менің ғана емес, барлық қазақстандық спортшылардың ақжарма тілегі.