Жаңалықтар
“Мен 20 миллионыншы тұрғынның әкесімін”
20 миллионыншы қазақстандық Ясинаның әкесі Исенов Айдар журналистерге берген сұхбатында қызын мақтан ететінін айтты, деп хабарлайды atr.kz
Ақмола облысында дүниеге келген Ясина Анасы Динара мен әкесі Айдардың отбасындағы екінші перзент. Салмағы – 4 келі 200 грамм.
“ Келіншегімді перзентханаға апарып, үйге келгенімше қуанышты хабар жетті. Аздан соң келіншегім кері хабарласып, біздің қызымыз жиырма миллионыншы тұрғын болуы мүмкін екенін айтты. Басында сенбедік. Бүгін, міне, сол ақпарат расталып, бүкіл ақпарат құралдары өкілдері хабарласып жатыр. Шынымды айтсам, 20 млн.-шы тұрғын болу лотерея секілді ғой. Қызымды мақтан етемін”,- деді Ясинаның әкесі Исенов Айдар.