Жарнама
Жаңалықтар

Меморандумға қол қойды

“Құқықтық көмек” партиялық жобасын жүзеге асыру шеңберінде өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бұл жоба бұрын “Заңгерлік кеңес” атымен таныс болғаны белгілі.
“AMANAT” партиясы облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов айтып өткеніндей, партия өзінің сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында бірнеше партиялық жобалар бойынша жұмыстар атқарып келеді. Соның бірі аталған “Құқықтық көмек” жобасы.

–Халыққа қажеттілігін көрсеткен бұл жобаны биыл аудан орталықтарында кәсіби заңгерлердің тапшы болуына және сапалы, жан-жақты құқықтық көмек берілуін қамтамасыз ету мақсатында облыс орталығынан ұйымдастырылған мобильді топ арқылы өткізу қажеттілігі туындап отыр. Сол себепті әр жылдары жасалған Меморандумдарды жаңғыртып, қазір құқықтық кеңес беру қызметімен айналысатын құрылымдармен, әділет департаменті, Қазақстан заңгерлер Одағының облыстық филиалы, Медиация орталығы және осындай қызметті ұйымдастырушылардың бірі “Шаңырақ-2008” қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық Меморандумын жасауға шешім қабылданған болатын, — деді Абдолла Хамиұлы.


“AMANAT” партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ақтолқын Ахметжановадан білгеніміздей, осыдан екі жыл бұрын, яғни 2023 жылдың қаңтарында партия төрағасы Е.Қошановтың өңірге іссапары кезінде Исатай ауданынан бастау алып, қайтадан қолға алынып, жолға қойылыпты. Себебі, бұқараның құқықтық сауаттылығын арттыру, әсіресе, аз қамтылған отбасының өкілдеріне тегін заңгерлік түсініктер беру күн тәртібінде тұрған, сұраныс та көп болған. Сол жылы юрист, нотариус, адвокат, медиатор және сот орындаушылардың қатысуымен 35 қабылдау өткізіліп, 152 адам қамтылса, өткен жылы өткен 38 қабылдауда 310 адамға тегін құқықтық көмек беріліпті.

Рита ӨТЕУҒАЛИ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button