МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Елімізде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына барлық жағдай жасалуда. Алайда, оған кедергі келтірушілер де аз емес. Облыс прокурорының айтуынша, өткен жылы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында 40 тексеру жүргізілген. Соның барысында 333 заң бұзу фактісі анықталып, сол бойынша 43 прокурорлық ықпал ету актісі енгізіліпті. Нәтижесінде, 66 заңсыз актінің күші жойылған. 51 тұлға жауапкершілікке тартылып, 445 кәсіпкердің құқығы қорғалған.
— Бұл орайда мобильдік топтардың елеулі еңбегін атай кеткен жөн. 2013 жылы оларға 54 дабыл («Бизнес тірегі» сайтынан 52) түскен болса, соның 14-і расталды. Соған байланысты 17 тексеру жүргізіліп, 14 кәсіпкердің құқығын бұзу фактісінің жолы кесілді, — деді облыс прокуроры Ғалымжан Тоғызбаев.
— Прокуратурамен біз қашан да тығыз қарым-қатынастамыз. Олар кәсіпкерлердің құқығы қорғалуына айрықша маңыз береді. Бұл ынтымақтастығымыз бүгінгі Меморандум нәтижесінде өзінің жалғасын табады деп ойлаймыз, — деді Асылбек Жакиев.
Айта кетейік, облыстық прокуратура өткен жылдың желтоқсанында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның аумақтық филиалымен де Меморандум жасаған болатын. Соған орай кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында прокурордың бөлмесі ашылды. Мұнда аптасына екі рет іскер адамдарды қабылдау күні өткізіледі.
Азамат БАЗАРБАЕВ.
Суретті түсірген
Ерлан Алтыбаев.