Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Мемлекеттік қызметшілер үшін жаңа жалақы төлеу жүйесі енгізіледі

Мемлекеттік қызметшілер үшін жаңа жалақы төлеу жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Атырауға іс-сапармен келген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова айтты, деп хабарлайды аталмыш департаменттің баспасөз қызметі.

_J8A8431

19 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Айгүл Амантайқызы Шайымова Атырау облысына жұмыс сапары барысында Агенттік пен Ұлттық бюроның  Атырау облысының аумақтық департаменттерінің ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында А.Шайымова мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның 20 жылдығымен құттықтап, Агенттік қызметінің негізгі басымдықтары және мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге факторлы-баллдық шкала негізінде еңбекақы төлеудің жаңа жүйесінің артықшылықтары туралы айтып өтті.

Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі бойынша еңбекақының мөлшері жұмыстың сипаты мен күрделілігіне, сонымен қатар нақты тиімді көрсеткішке жетуіне байланысты болады. Мемлекеттік қызметшінің табысы екі бөліктен құралады: кепілді лауазымдық айлықақы және бонус. Мемлекеттік қызметші бонусты жылдың соңында алады. Бонустың мөлшері төрт лауазымдық жалақыдан төмен емес.

Сонымен қатар, Төраға орынбасары аталған жүйе аймақтардағы кадр тұрақсыздығын азайтып, кадр қабілетінің күшеюін қамтамасыз еткендігін де атап кетті.

Әрі қарай А.Шайымова облыс әкімімен кездесіп, кездесу барысында мемлекеттік органдар және ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметіндегі әкімшілік кедергілерді жою  бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру сұрақтары талқыланды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button