Жарнама
Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметші қандай болуы керек?

Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Басқару институтының директоры Ерлан Әбіл «Жобалар мен бағдарламаларды басқару» тақырыбы бойынша дәріс оқыды. 

Семинар-тренинг

Кездесуді ашқан өңірлік орталық директорының орынбасары Фарида Ахметова мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттілігін арттырудағы мекеменің қызметі, атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып өтті.

Институт директорының айтуынша, жақсы әзірліктен өткен, тиянақты білім алған және жоғары кәсіби шеберлік деңгейіндегі кадрлар қай уақытта да мемлекеттің бәсекеге қа-білеттілігінің кепілі болып келеді. Сондай-ақ, тұтастай алғанда, мемлекеттік саясатты табысты жүзеге асыру тікелей әрбір мемлекеттік қызметкердің өзінің функционалдық міндеттерін тиімділікпен орындау қа-білетіне, олардың тұрғындарға сапалы қызмет көрсету білігіне тәуелді болмақ.

— Мемлекеттік қызметкерлер түрлі мерзімдегі оқыту курстарынан өтеді, арнайы жоба жазып, оны қорғайды. Бірақ, ол  қолданысқа енгізілмей, орта жолда қалып қояды. Мекеме оқытты, мұғалімдер шақыртылды, қыруар қаржы бөлінді. Нәтиже — осындай. Мәселен, «Коммуналдық шаруашылықтардың жұмысын қалай жандандыру керек?» деген секілді мәселе көтеріліп, жұмыс жазылып, қорғалды ма, тәжірибеде қолдану керек. Әр нәрсенің қайтарымы болатынын естен шығармайық, — деді ол.

«Оқу орындарында ең жақсы оқығандар – мұнай саласына, ортаңғы деңгейдегілер — өзге де қызметке, ал төменгі сатыда білім алғандар мемлекеттік қызметке келеді де, тест тапсыра алмай, сүрініп жатады. Осы орайда, мемлекеттік қызметшілерді даярлау мәселесіне көңіл бөлу керек».

Бұл — Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Қала-уидің пікірі. Жоғары жауапкершілік, кәсіби білім, оны тәжірибеде қолдана білу, әділдік, адалдық, белсенді өмірлік позиция – мемлекеттік қызметшінің негізгі ұстанымдары.

Осы орайда, Мейірім Жоламанұлы көтерген тағы бір мәселе – мемлекеттік органдарда қызмет ететін жандарды адамдармен дұрыс сөйлесіп, сыпайы қарым-қатынас жасауға үйрету қажет. Оның айтуынша,  тұрғындардан түсетін шағымдардың дені мемлекеттік қызметшілер тарапынан көрсетілетін дөрекі қылықтарға байланысты екен. Жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет және біздің мемлекеттің алдында тұрған басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіби деңгейіне байланысты.

Жиын барысында  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы — Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов өз саласындағы реформалар жөнінде әңгімеледі. Және білікті мамандарға сенім білдіретінін жеткізді. Ал, орталық оқытушысы  Әлия Жетпісова  қорғалған жобалық жұмыстардың облыс көлемінде таралуы қажет-тігін атап өтті.

Рита ӨТЕУҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button