Мемлекеттік қызметшілер мұражайға шақырады
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді.
Осы айтулы күнді мерекелеудің негізгі мақсаты — мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен қажеттілігін халыққа жеткізу, мемлекеттік сектордың басқару әлеуетін күшейту және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру болып табылады.Осыған орай, ағымдағы жылдың 17 маусым күні «Мемлекеттік қызметшілер мұражайға шақырады» атты шара өтті. Аталған шарада Қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің бас маманы София Қазбаева «Археология», Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Айгерім Құрманберлиева «Табиғат», Қаржы басқармасының бас маманы Алдияр Мирамбаев «Этнография», ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының жетекші маманы Асхат Үмбетжан «Тылсым дәуір» залдарында мұражай көрмелерін тамашалауға келген тұрғындар мен мемлекеттік қызметшілерге экскурсия жүргізді.
Жастар жылы аясында жас мамандар экскурсия дағдысының қыр-сырын үйреніп қана қоймай, әріптестері мен көрермендер арасында мұражайдың мәртебесін өсіріп, оның рухани және тарихи тың мағлұмат алатын мәдени орда екенін тағы бір мәрте дәлелдей түсті.