
Жаңалықтар
Мемлекеттік қызметшілер күні жас мамандар ант берді
Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті.
Шара барысында департамент басшысы Мәулен Мүтиев ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, бірқатар қызметкерге Алғыс хаттар табыстады. Ол өз сөзінде мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі жоғары, халық сеніміне негізделген маңызды сала екенін атап өтті.
– Мемлекеттік қызметші – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Біздің жұмысымыз – мемлекет саясатының тиімді жүзеге асуына ықпал ету, қоғам сенімін ақтау. Бұл – үлкен жауапкершілікпен қатар, биік абырой, – деді ол.
Сондай-ақ, мерекелік жиында жас мемлекеттік қызметшілер ант қабылдап, ел мүддесіне адал қызмет етуге серт берді.
А.МҰРАТҚЫЗЫ