
Жаңалықтар
Мемлекеттік қызметкерлердің тілді меңгеру көрсеткіші жоғары
Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, биыл 20-22 мамыр аралығында өңірде QAZTEST жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу ұйымдастырды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Диагностикалық тестілеуге барлығы 576 адам қатысты. А1 – қарапайым деңгей нәтижесін 26, А2 – базалық деңгейге 32, В1 – орта деңгей бойынша 66, В2 – ортадан жоғары деңгейде 289 адам бағаланды. Ад С1 – жоғары деңгей нәтижесін 163 адам көрсетті.
Осылайша Атырау өңіріндегі мемлекеттік тілді меңгеру көрсеткіші орташадан жоғары және жоғары деңгейде екені байқалды.
⁃ Тестілеуге мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазТрансОйл», KEGOC АҚ, «Қазпошта» АҚ, ҚР Ұлттық банкі, ҚР Әділет департаменті, ҚР ІІМ Атырау облысының Полиция департаменті, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар департаменті, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті және басқа да мекемелердің мамандары қатысты. Тестілеу мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтап қана қоймайтың, қызметкерлердің тілдік құзыретін арттыру бағытындағы маңызды қадам саналады, - деді «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Шалқарбек Ізбасаров.