Жарнама
ЖаңалықтарСаясатҚұқық

«Мемлекеттік қызметкерлердің ашықтығы сыбайлас жемқорлықты болдырмауы тиіс»

Atr.kz/31 қазан, 2019 жыл. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес отырысында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

Облыс әкімі өңірдің квазимемлекеттік секторында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін корпоративтік басқаруды енгізу басталғанын атап өтті. 

— Негізгі мақсат — бірінші басшылардың кейбір өкілеттіктерін қадағалау кеңестеріне беру, шешім қабылдауда ашықтылықты неғұрлым күшейтіп, алқалы түрде ұжымдаса қабылдау. Кеңес жұмысына қоғамдық ұйымдардың, БАҚ өкілдері қатыстырылады.

Байқаушылар кадр саясаты, мемлекеттік сатып алу, Қаржы-өндірістік мәселелеріне қатысты шешімдердің қабылдануына араласады. Қазіргі уақытта бұл жаңашылдық Денсаулық сақтау саласында енгізілуде. Алдағы уақытта біз мұны басқа салаларда да қолдануды жоспарлап отырмыз, — деді өңір басшысы.

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетудің тиімді әдістерінің бірі — мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі ашықтығы болып табылады. 

whatsapp image 2019 10 31 at 10.36.08

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мәселелерді шешудің бірі — мемлекеттік қызметшілердің проблемалық мәселелерді шешу кезінде халықпен тікелей байланысын болдырмау. Адам факторын алып тастау. Көптеген мәселелер электронды форматта шешіледі, — деді Нұрлан Ноғаев.

Халыққа қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында әлеуметтік желілерде Атырау облысы әкімдігінің Telegram  чат арналары ашылды. Бұл өңірдің барлық проблемалы мәселелерін жедел шешу үшін өте тиімді арна. Қазіргі таңда Атырау облысы әкімдігінің чат арнасында 13 мыңнан астам адам тіркелген. Тек осы жылы халықтан 9 мыңнан астам сұрақ пен шағым түсті. Олардың басым бөлігі жедел шешім тапты.

Апта сайын әлеуметтік желілерде тікелей эфирде мемлекеттік орган басшыларының есебі жүргізіледі. Мұндай әрекеттер сыбайлас жемқорлық сәттерін көрсету мәселелері бойынша адамдарға тікелей шенеуніктерге жүгінуге мүмкіндік береді. Бұл тәжірибе қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласындағы мекемелерде іске асуда. Таяу арада өзге де салаларда енгізу жоспарланып отыр.

Айта кету керек, Атырау облысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының саны республика бойынша сыбайлас жемқорлық фактілерінің жалпы санының 6,5 пайызын құрайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button