«Бейбарыс» хоккей клубы төртінші орынға жайғасты

Hokkey Bybaryis Жаңалықтар

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының кезекті турында Атыраудың «Бейбарыс» клубы кеше кешкісін өз айдынында  Астананың «Номад» хоккейшілерін қабылдады.

Хоккей Бйбарыс

Кездесудің 12-ші минутында атыраулықтар қақпасына ұйымдастырылған шабуылды астаналық Шмурыгин шебер түйіндеп, қонақтар алға шыққан болатын. Ал, екінші кезеңнің аяғына таман астаналықтардың бір ойыншысы тәртіп бұзып, айып орындығына кетті. Осы сәтті ұтымды пайдаланған «Бейбарыс» командасының шабуылшысы Смирнов есепті теңестірді. Араға үш минут салып жерлесіміз Некряч «Номадтың» Мальгин қорғаған қақпасын дәл көздеді. Үшінші кезеңдегі екі жақтың алма кезек шабуылдары еш нәтиже бермеді. Қорытынды есеп ­– 2:1 болып, бейбарыстықтардың пайдасымен аяқталды.

«Бейбарыстың» бас жаттықтырушысы Владимир Клинганың пікірінше, сырт алаңнан 10 ұпаймен оралған команда өз айдынындағы ойындарды жинақы өткізді. Хоккейшілердің алдағы шешуші кездесулерді де жоғары дейгейде өткізуге тәжірибелері жетеді, мүмкіндіктері де жоғары. Қазір 44 кездесуден кейін 85 ұпай жинаған жерлестеріміз турнир кестесінің төртінші сатысына жайғасты. Кезекті  турдың ойындары  25-26 қаңтар күндері  етеді. «Бейбарыстың» қарсыласы ­- 101 ұпаймен көш басында келе жатқан Көкшетаудың «Арлан» клубы. Ендеше, «Бейбарыс» командасына сәттіліктер серік болсын дейік.

                                                                              Бақытжан  ХАМИТҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз