Жарнама
Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет көрсетуде мыңнан астам заң бұзушылық тіркелді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен 2024 жылдың 3 тоқсан жағдайында жалпы 17 бақылау шаралары жүргізілген.

Оның ішінде 9 жоспардан тыс, 8 жоспарлы тексеріс нәтижесінде жалпы саны 1057 бұзушылық анықталды.

Анықталған бұзушылықтардың 23%-ы немесе 251-і – бұзушылық мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін бұзу фактілері. Бұл ретте 238 дерек – жоспарлы, 13 дерек жоспардан тыс тексерістен анықталды.

Өз кезегінде, департаментпен анықталған бұзушылықтарды жою және бұдан әрі болдырмау мақсатында тиісті шаралар тұрақты түрде қабылданып отырады.

Атап өту қажет, жыл басынан бері департамент жұмысы нәтижесінде  мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты 28 маманның тәртіптік жауапкершілігі қарастырылған.

Сондай-ақ, департаментке түсірілген жолданым негізінде көзделген мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін бұзу деректері расталып, 1 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді.

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button