Жарнама
Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг: Заңсыз бас тарту фактілері анықталды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қашықтан мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында бірқатар қызмет алушының құқығы бұзылып, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылғаны анықталды.

Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі қызмет алушылардан техникалық құралдарға қатысты фото-материалдарды талап еткен. Алайда, көрсетілетін қызмет тәртібін реттейтін қағидаға 2023 жылдың қаңтарында енгізілген өзгерістерге сәйкес, бұл талап жойылған болатын.

Бөлім қызмет алушылардан Қағидада қарастырылмаған құжаттарды сұратып, ұсынылмаған жағдайда қызмет көрсетуден бас тартқан.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша департамент мамандары жан-жақты зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, екі қызмет алушының құқықтары қалпына келтіріліп, жауапты лауазымды тұлғаға қатысты тиісті шаралар қабылданды.

Бұл жағдай мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау мен азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңыздылығын тағы бір рет көрсетті. Департамент мемлекеттік қызметтерді заңға сәйкес әрі сапалы түрде ұсыну үшін бақылау жұмыстарын жалғастырады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button