Жарнама
Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІГЕ ҚҰРМЕТ

 

Салтанатты шараға Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев қатысып, ел экономикасы мен әлеуетінің дамуы жолында еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметкерлерді мерекемен құттықтады. Олардың халық алдындағы абырой-беделі атқарған істері мен біліктілігіне байланысты екенін айтып, бір топ азаматқа «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісін табыстады. Марапатталғандардың қатарында Атырау облысы әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас инспекторы Роза Жапарова, Атырау кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қаржылық есеп және персоналды басқару бөлімінің басшысы Қалихан Жылқышиев, Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Зинетулла Мұқлесов, Индер ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мерует Нұғманова мен Жылыой ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Гүлназ Отарбаева болды.

Мерекеде облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының басқарма басшысы Салауат Ишай «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісінің иегері атанды. Шара барысында саланың өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген бірнеше қызметкер облыс әкімінің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мерекелік жиында сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы Марат Ахметжанов аймағымызда үш мыңнан аса мемлекеттік қызметші еңбек ететінін атап өтті.

— Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2002 жылдың 20 желтоқсанында Мемлекеттік қызметші күні туралы қарар қабылдап, БҰҰ-ға мүше елдерге осы аталған кәсіби мерекеге күн белгілеуге шақырған болатын. Осыған байланысты Елбасы Жарлығымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні болып бекітілді. Атырау облысында қызмет атқаратын  мемлекеттік қызметшілерге де біздің еліміздің әл-ауқатын көтеруге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жауапкершілігі жүктелген, — деді Марат Мұратұлы. Ол әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, облыс басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовтың ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровтың Алғыс хатымен марапатталғандығын атап айтты.

Салтанатты шарада мемлекеттік салаға алғаш келген қызметкерлер ант қабылдап, кеш соңы облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Мәлике  МӘЛІКҚЫЗЫ.

Суретті  түсірген

Әнуар  ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button