МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – МЕРЕЙЛІ МІНДЕТ
Олардың қатарында облыс әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі Азамат Айманакумов, мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жұмабай Қарағаев, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Мейірім Қалауи, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әлимұхамед Құттымұратұлы және «Қожан» АҚ Атырау облысы филиалының басшысы Дархан Меңдіқұлов бар.
— Бұл конкурсты өткізудің басты міндеті – аудан әкімдерінің кадрлық резервін дайындау, — дейді Мұхит Кәрімұлы. — Біздің облыстан жеті азамат қатысып, оның бесеуі Астанада ұйымдастырылған тестілеуден өтіп келді. Олар енді қаңтар айының соңғы күндері Астанада ҚР Президенті жанындағы кадрлық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияда әңгімелесу сынағынан өтеді. Бүгінгі кездесуден соң аймақтық комиссия өз ұсынысын ҚР Президенті әкімшілігіне жолдайды. Конкурсты өткізу тәртібіне биыл ешқандай өзгерістер енгізілген жоқ.
Айта кетсек, ең алғаш рет «А» корпусына конкурс 2013 жылы өткен болатын. Тестілеу сынағында деңгейлі көрсеткіш көрсеткен 600 қызметкер кадрлық резервке алынды. Олардың мерзімі биыл жаз айларының басында аяқталмақ. Осыған орай, биыл облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясы, облыс әкімі аппараты, тәртіптік кеңес басшылары лауазымына кезекті байқау өтпек.
Айгүл ЕРТІЛЕУ.
Суреттерді түсіргенЕрлан АЛТЫБАЕВ.