Жарнама
Жаңалықтар

Мемлекеттік аппараттағы артық адамдарды цифрландыру арқылы қысқарту керек – Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында әділет мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруда цифрландырудың қаншалықты маңызды екені туралы пікірін айтты.
Отырыста Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев саланы цифрландырудың барысы мен алдағы жоспары туралы мәлімет берген.

— Сіз айтқан мәселелерді қолдаймын. Цифрландыру арқылы осылай артық шығындарды, артық құрылымдарды, артық адамдарды қысқарту керек. Соның нәтижесінде жалпы мемлекеттік аппараттың тиімділігі артады. Бұл барша мемлекеттік органдарға қатысты, — деді Премьер-министр.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасын әзірлеуге бағытында бірқатар тапсырма берген еді.

kaz.inform.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button