Мемлекет қаржысы: есепсіз шығынға жол жоқ!
Аудиттік тексеріс мемлекет қаржысының мақсатты жұмсалуын қадағалап, келеңсіздіктерді жоюға оң әсерін тигізетіні белгілі. Жыл басынан бері жеті ай ішінде өңірде осындай 53 аудиттік іс-шаралар жүргізіліп, нәтижесінде 7 469,0 млн.теңгенің заң бұзушылықтары анықталды. Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген камералдық бақылау арқылы 9147 рәсім қамтылып, 2461 мемлекеттік сатып алу бойынша жалпы сомасы 29 561,9 млн.теңгенің кемшіліктері белгілі болды. 322 лауазымды және заңды тұлғаларға жалпы сомасы 13,8 млн.тенгенің әкімшілік айыппұлы салынып, толықтай бюджетке өндірілген.
Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті анықталған заң бұзушылықтарды жойып, оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы аудит объектілеріне нұсқамалар жолданған. Қорытындысында 51 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Ал, осы аралықта тұрғындар тарапынан департаментке 1126 өтініш түсіп, уақытылы тиісті жауабы берілді.
Сондай-ақ, Ішкі аудит қызметтерінің жұмысын үйлестіру мақсатында ішкі аудит қызметтеріне әдіснамалық және консультациялық көмек көрсетілген. Есепті мерзімде Атырау облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметі 5 аудиторлық іс-шара жүргізіп, жалпы сомасы 5,5 млн.теңгенің қаржылық бұзушылықтары белгілң болған. Оның 1 млн.теңгесі қалпына келтіріліп, бюджетке қайтарылды. Бір лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Департамент Ішкі аудит қызметі арқылы жүргізген 1 аудиторлық іс-шара нәтижесінде 1 лауазымды тұлғага 172,5 мың теңгенің айыппұлы салынып, толықтай бюджетке өндірілген.
Мәулен МҮТИЕВ,
Атырау облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы