Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Мемлекет басшысы шабындық жер көлемін ұлғайтуды міндеттеді

ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялады.  Еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындаған маңызды құжатта басты жетістіктерімізді атап, егемендіктің жалаң ұран, жалаң сөз еместігін айрықша атады. Әр азаматтың тәуелсіздікті жіті сезіне алуы маңызды екенін айтқан Мемлекет басшысы ең алдымен, пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму туралы тоқталды.

Өз тиімділігін дәлелдеген «Қарапайым заттар экономикасы» және жұмыс орындарын сақтауға септігін тигізген «Бизнестің Жол картасы» бағдарламаларының мерзімін ұзарту туралы оң шешім қабылдағанын жеткізді.

Тұрмыстың түзелуі үшін азық түлік бағасының қолжетімді болуы аса зор мәнге ие. Аграрлық саланың мүмкіндігі мол екенін атаған ел Президенті ауа-райының қолайсыздығы салдарынан жем шөп дайындауда қиындықтарға кезіккенімізді атады.

Қазыналы да шежірелі Атырау аумағы әлемді жайлаған пандемия зардаптарымен қажырлықпен күресіп, елдің жағдайын қалжыратпай, алдағы атқарар міндетті межелерді ойдағыдай жүзеге асыруда. Бұл бағытта облысымыздың батыс қақпасы Ресеймен көршілес құрманғазылықтар да игі істерін толымды атқарып, нәтежелі табыстарға қол жеткізуде. Облыстағы жер көлемі жөнінен үлкен ауданның елді мекендері, шалғай ауылдарының бүгінгі күнгі тұрмыстық әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді.

Облыста азық-түлік белдеуін қалыптастыруда ауыл шаруашылығы маңызды роль атқарады. Аталған саладағы қазіргі мақсат – шыққан  көкөніс, бақша, картоп өнімдерін дер кезінде жинап, тұтынушыларға ұсыну және алдағы қысқа мал азығын дайындау мәселелері. Соңғы жылдары жауын-шашынның болмауынан қуаңшылық болуы шаруагерлерді қатты алаңдатуда. Сол себепті ірі сабақты мал азығының  бағасы қатты өсіп, бір рулон шөптің бағасы қазірдің өзінде қымбат. Сондықтан қазір өңірдегі шабындық алқаптарын толық игеру және көршілес облыстардан мал азығын дайындау аса маңызды. Бұл жұмыстарды ұйымдастыруды ауылдық округ әкімдері қолға алу қажет деп ойлаймын. Жеке малы бар  тұрғындар қажеттілігін анықтап, оны жеткізу жұмыстарына баса көңіл аудару қажет. Шөп дайындаумен қатар, қол жетімді бағамен жем жеткізу мәселесі шешілгені де дұрыс.

Шындығын айту керек,  бұрынғы кезеңде қыр өңірінде су көздерін іздестіру жұмыстары жүйелі ұйымдастырылды. Негізінен Азғыр, Тайсойған, Айбас өңірлерінде су көздері бары анық. Сондықтан мал шаруашылығын сумен қамту мәселесін оңды шешу мақсатында ғылыми негізде қыр өңіріндегі жер асты су көздерін іздестіруге, оның құрамын анықтауға қажетті қаржы көлемін бөліп, іс-шаралар белгілеп, жүйелі жұмыстар жүргізу қажет. Егер осы мәселе өз шешімін табатын болса, онда мал шаруашылығын дамытуға  жол ашылып,  төрт түлікті көбейтуге барлық мүмкіндігі туары сөзсіз. Бұл жерде облыс көлеміндегі каналдарды күрделі жөндеуден өткізу мәселесі де маңызды.

Аталған салаға қатысты жүйелі жұмыстар керек екенін айтаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шабындық жер көлемін ұлғайту қажеттігін де атады. «Мал жаятын жерге шаруаның қолы жетпей жүр» деген Мемлекет басшысы кейбір адамдардың шұрайлы  жерлерді иеленіп, адам аяғы баспайтындай етіп қоршауға алғанын айтып, өзекті мәселенің оң шешілуі үшін Үкімет араласқаны жөн екенін атады.

Ауылдағы ағайынның тұрмысына септесетін осындай оң қадамдардың Жолдауда маңызды мәселе ретінде көтеріліп, шешуге тапсырма беруі аса құптарлық.

Сабыржан Сұлтанов,

Облыстық мәслихат депутаты,

Экология, табиғат пайдалану және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі, «Құрманғазы» өндірістік кооперативінің төрағасы,

Құрманғазы ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button