Жарнама
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы: Қос билік, тандем жоқ — заңды сайланған Президент бар

Atr.kz/5 желтоқсан, 2019 жыл.   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5-6 желтоқсан күндері Германияға мемлекеттік сапары қарсаңында Deutsche Welle телерадиокомпаниясына сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сұхбат барысында Қазақстан Президенті еліміздегі қос билік төңірегіндегі алып-қашпа қауесетке нақты жауабын берді.

«Ресейдегі билікті беруге қатысты айту мен үшін қиын. Себебі ол басқа мемлекет. Қазақстанға қатысты айтар болсам, бұл жерде өзінше бөлек саяси инновация орын алды. Нұрсұлтан Назарбаев — зор құрметке лайықты адам, Ұлт көшбасшысы, Қазақстан Республикасының негізін құраушы. Мен заңды сайланған Президент, Мемлекет басшысы, Жоғарғы бас қолбасшы саналамын. Біздің арамызда ешқандай қарама-қарсылық (кейде баспасөз бұл тақырыпта қауесетті көпіртуге құмар) жоқ. Бір-бірімізбен ақылдасып отыратындығымызды, тіпті кейде мен оның кеңесін сұрайтындығымды да жасырмаймын. Бұл жерде қос билік, тандем жоқ – заңды сайланған Президент бар», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент сұхбат барысында Германияға мемлекеттік сапары барысында 2 млрд доллардың келісіміне үміт артатынын жеткізді.

191204160811202e

«Қазақстан үшін Германия негізгі еуропалық серіктес саналады. Германияның Орталық Азиямен сауда-саттығының 86 пайызы Қазақстанға тиесілі. Сапар барысында болжамды бағалауға сәйкес шамамен 2 млрд доллар болатын келісімдер мен меморандумдар топтамасына қол қойылады деп үміттенемін. Жалпы, Қазақстанның Еуропалық одақпен қарым-қатынасы тек қана оң. 2018 жылы Қазақстанның ЕО-мен сауда-саттығының көлемі 37 млрд доллардан асып жығылды. Бұл еліміздің барлық сыртқы сауда айналымының жартысына тең. Біздің экономикамыздағы герман инвестициясының 80 пайыздан астамы шикізаттық емес секторға салынған. Бұл өте маңызды», — деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Германия бүгінде машина жасау, ресурстық материалдарды қайта өңдеу сынды салаларда көшбасшы болып отырғандығына назар аудартады. «Сондықтан біз ынтымақтастыққа мүдделіміз. Демек, барлық қызықты салалар немістің әлеуетті инвесторларына ұсынылатын болады. Бұған қоса, біз оларға арнайы шарттар, өзіміздің ондаған арнайы экономикалық аймағымыздан алаң ұсынамыз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button