Жаңалықтар
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.
Құттықтау Президенттің Twitter парақшасында жарияланды
«Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бала – бауыр етіміз. Олар – еліміздің ертеңі. Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді әрі жан-жақты болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды. Балаларымыздың болашағы баянды болсын!» – деп жазды Президент.