Жарнама
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар нысанды аралап көрді. Президент, ең алдымен, Kazakhstan International School Astana (KIS Astana) мектебіне барды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлады.

20 мың шаршы метрден астам аумақта орналасқан білім беру мекемесі 800 оқушыға және мектеп жасына дейінгі 120 балаға есептелген. Мектеп халықаралық бакалавриат (IB) аккредитациясынан өткен. Бұл беделді бағдарлама үш бағытты қамтиды. Атап айтқанда, 5-тен 10 жасқа дейінгі балаларға арналған бастауыш (Primary Years Programme, PYP), 11-ден 16 жасқа дейінгі балаларға есептелген орта (Middle Years Programme, MYP) және 16-19 жас аралығындағы ересек оқушыларға бейімдеген дипломдық оқу бағдарламасы (Diploma Programme, IB) бар.

1736144557 KZ8 4575 2

Оқу кабинеттері әрбір оқушының алаңсыз білім алуына және қарым-қабілетін ашуына қолайлы жағдай жасайтын заманауи технологиялармен жабдықталған. Сонымен қатар мектепте футбол стадионы, теннис корты, шағын футбол алаңы және бассейн секілді спорт инфрақұрылымы қарастырылған.

Мемлекет басшысы Қазақстанда білім беру деңгейін арттырудың маңызды екенін атап өтті. Әсіресе, жас буынның бәсекеге қабілетін шыңдауда әрі жан-жақты дамытуда осындай оқу орындары ерекше рөл атқаратынына назар аударды.

1736144999 DSC 5216 2
1736144571 2
1736144585 DSC 4758 2
1736144585 DSC 4994 2%20(1)
1736144585 KZ8 4827 2%20(1)
1736145014 DSC 5505 2
1736145014 KZ8 5046 2
1736144607 1
1736144607 3

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button