Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Мемлекет басшысы кәсіпкерлерге ерекше көңіл бөлді

Аtr.kz/27 сәуір, 2020 жыл. Мемлекет басшысы мәлім еткендей, 1,6 миллионнан астам адам, 11,5 мың шағын және орта бизнес өкілі несиелерін кейін төлеуге мүмкіндік алды. Бұдан асқан қандай қаржылай қолдау қажет?

Осылайша, жалпы алғанда 360 миллиард теңгеден астам қаражат тұтастай кәсіпкерлік салаға бағытталып отыр деген сөз. Осыдан-ақ, аталған саланың бүгінде көптеген қиындықтарға тап болғанын аңғаруға болады. Мұны Президент терең түсініп, дер кезде демеу болуда. Қалай еткенде де, ел экономикасы тікелей бизнеспен жіпсіз байланысты екенін жасыра алмаймыз.

«700 мыңнан астам компания мен жеке кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды. Сол арқылы олар 1 триллион теңгеге жуық қаржыны үнемдей алады» деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнеске тиімді несие беру үшін қаражат бөлінгенін ерекше атап өтті. Олай болса, кәсіпкерлер ертеңгі күнге алаңдамай, күнделікті кәсібін жалғастыра беруі керек. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан барлық жағдайды жасауға дайын.

Сәрсенбай ЖОЛДЫБАЕВ,

облыстық кәсіпкерлік палата директорының орынбасары

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button