Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯ

Мемлекет басшысы індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алды (+ВИДЕО)

Atr.kz/13 шілде, 2020 жыл. Ақорда резиденциясының алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінен қаза тапқан азаматтарды құрметпен бір минут еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

https://www.youtube.com/watch?v=KH5z55w5eNw

Еске алу рәсіміне ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев және де еліміздің өзге де лауазымды тұлғалары қатысты. Індет құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық аймағында өтті. Құрбандарға тағзым шарасын республикалық арналар тікелей эфир арқылы көрсетілді.

Айта кетейік, елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты халыққа үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде– Ұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын мәлім еткен болатын. Тиісті өкімге Мемлекет басшысы 9 шілде күні қол қойды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button