Мемлекет басшысы: Ең үздік еңбек адамдарын мемлекеттік деңгейде ұлықтаған жөн 

b20c5f56 f8ac 42a1 92c9 00476bf766bc Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында ең үздік еңбек адамдарын мемлекеттік деңгейде ұлықтау туралы бастама көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қажетсіз мамандық болмайды, біліксіз маман болады. Ерінбей еңбек еткен жан өз ісінің майталманы атанады. Ал, кәсібін толық меңгерген адам қашанда сұранысқа ие болады. Біз еңбек адамының мәртебесін көтеруге баса мән береміз. Елімізде түрлі саланың кәсіби мерекесі бар. Көбінесе мұндай мейрамдар назардан тыс қалып жатады. Менің ойымша, «Еңбек күніне» орай ең үздік мамандарды мемлекеттік деңгейде ұлықтаған жөн. Бұл қадам қоғамда еңбек культін орнықтыруға жол ашады. Шын мәнінде, қандай жұмыс істеп жүргенің емес, оны қалай істеп жүргенің әлдеқайда маңызды. Министр немесе әкім болсын, құрылысшы, дәрігер, мұғалім болсын, ең бастысы, әркім өз міндетін адал атқаруы керек. Нанын адал еңбекпен табуы керек», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев нағыз еңбек адамы дегеніміз кім деп пайымдайтынын айтты.

«Бұл, ең алдымен, өзіне жүктелген міндетті орындау үшін барын салып еңбек ететін білікті маман. Нағыз еңбек адамы бұл – істің адамы, яғни әр ісіне, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын адал азамат. Ал, жауапсыздықтың салдары неге апарып соқтыратыны кешегі өрт кезінде айқын көрінді. Осындай, келеңсіз жағдайлар тек орман шаруашылығында емес, басқа да салада бар», – деді Мемлекет басшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз